13 желтоқсан 2018 15:19

Ресейде көлік тізгінінде болған 15 жастағы қыз полицейді қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлің Челябі қаласында 15 жастағы қыз көлікке отырып, жол-патрульдік полиция қызметкерін қағып кетті. Оқиғаның видеосын Тергеу комитеті TаmТам арнасында жариялады.


Ресейлің Челябі қаласында 15 жастағы қыз көлікке отырып, жол-патрульдік полиция қызметкерін қағып кетті. Оқиғаның видеосын Тергеу комитеті TаmТам арнасында жариялады.

Видеода қыздың полицейді қағып, оқиға орнынан қашып кеткені түсірілген. Полицейге оның әріптесі көмектескен. Оқиға 17 қарашада болған. Алайда тергеу шаралары видеоның әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін басталған. 

"Тексеру барысында заңнамаға сәйкес жол-көлік оқиғасын тіркемеген полицейлерге де қатысты қылмыстық құқықтық баға беріледі", - делінген хабарламда.

74.ru басылымының мәліметінше, қыз бала туысының Mercedes-Benz маркалы көлігіне отырып, мас күйде жүргізген. Шамамен таңғы бесте ол досымен бірге Lifan көлігіне соқтығысып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жол сақшылары көлікті тоқтатпақшы болған сәтте, жүргізуші инспекторды қағып, қозғалысты әрі қарай жалғастырған. Сонымен қатар, қыз бала жол белгісін қиратып, сол жерде көлікті тастап қашпақшы болған. 

Әлеуметтік желіде оқушы қызға "челябілік Мара Богдасарян" деген ат қойды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети