Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау қарашада басталуы мүмкін, - деп хабарлайды "РИА Новости".
Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау қарашада басталуы мүмкін, - деп хабарлайды "РИА Новости".
"Жалпы біз жаппай вакцинациялауды (коронавирусқа қарсы) сапа бақылауын ескеріп жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл енді қарашаның соңғы күндері немесе желтоқсанның басы болады. Себебі өндіріс циклі мен сапаны бақылау толық жүргізілуі тиіс", - деді РФ денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко Ресей өнеркәсіп және кәсіпкерлер одағының съезінде.
Министр "Россия 1" телеарнасына берген сұхбатында вакцинациялау ерікті түрде болатынын атап өтті.
"Қызығушылықтың жоғары екенін көріп отырмыз. (...) Алдымен медицина қызметкерлері және көп адаммен жиі қарым-қатынасқа түсетін тұлғаларға салынады", - деді Ресейдің денсаулық сақтау министрі.
Еске салайық, Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды коронавирусқа қарсы вакцинациялау бойынша алдын-ала жоспарын бөліскен болатын. Ведомство өкілі вакцинация тәуекел тобына жататын, яғни, 65 жастан асқан адамдар - жүрек-қан тамырлары жүйесі, қант диабеті және өкпенің созылмалы обструктивті ауруы бар адамдар мен медицина қызметкерлеріне бірінші болатынын айтты. Шамамен 2 347 000 адамға вакцина есептеліп отыр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!