Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина пандемияға дейін жасала бастаған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина COVID-19 пандемиясы басталғанға дейін шамамен екі жыл бұрын жасала бастаған. Бұл туралы Н.Ф. Гамалеи атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының директоры, академик Александр Гинцбург "Известия" басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина COVID-19 пандемиясы басталғанға дейін шамамен екі жыл бұрын жасала бастаған. Бұл туралы Н.Ф. Гамалеи атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының директоры, академик Александр Гинцбург "Известия" басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 25 жыл бойы ғылыми қызметкерлердің үш буыны препарат әзірлеу технологиясының жұмысына тер төккен. Бастапқыда ол зақымдалған жерді ауыстыру үшін денеге сау адамның генін енгізу арқылы гендік терапия үшін қолдану жоспарланған.

2014 жылы бұл әдіс векторлық вакциналарды жасау үшін, атап айтқанда Эбола вирусына қарсы қолданылған. Ол екі жыл бойы инфекция ошағы болған Африканың Гвинея елінде сынақтан өтіп, қауіпсіздік пен иммуногенділік бойынша жақсы нәтижелер көрсеткен.

Осы технология негізінде коронавирусқа қарсы алғашқы препарат 2-2,5 жыл бұрын жасала бастаған.

"Біз COVID-19-ға қарағанда 40 пайызға жуық өлімге әкелетін MERS деп аталатын басқа коронавирусқа қарсы вакцина жасауға тапсырма алдық. Бұл клиникалық сынақтардың екінші кезеңін соңына дейін жеткіздік, қателеспесем 220 ерікті бұл вакцинаны алды. Ол өзінің қауіпсіздігін, жоғары иммуногенділігін көрсетті. Осы уақытта COVID-19 пандемиясы басталды. Сондықтан MERS вакцинасымен жұмыс істеген қызметкерлер COVID-19-ға қарсы препарат жасауға ауысты", - деп түсіндірді ғалым.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro