13 шілде 2021 | 18:54

Ресейде коронавирустан өлім дерегі бойынша антирекорд тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

REUTERS/Shamil Zhumatov REUTERS/Shamil Zhumatov

Ресей Федерациясында коронавирус инфекциясы бойынша тәуліктік антирекорд тіркелді. Өткен 24 сағат ішінде COVID-19 салдарынан 780 адам көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресей коронавирус инфекциясының тарауына қарсы күрес штабына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ресей Федерациясында коронавирус инфекциясы бойынша тәуліктік антирекорд тіркелді. Өткен 24 сағат ішінде COVID-19 салдарынан 780 адам көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресей коронавирус инфекциясының тарауына қарсы күрес штабына сілтеме жасап.

Бұған дейін тәуліктегі антирекорд 10 шілдеде тіркелген - 752 өлім жағдайы. Өткен тәулікте 780 адам қайтыс болғаны айтылып отыр. Ауру пайда болғалы Ресейде 144 492 адам қаза тапқан.

Атап айтқанда, Санкт-Петербургте 108 адам, Мәскеуде - 103, Иркутск облысында - 32 адам қайтыс болды.

"Дельта" штамына байланысты Ресей Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге арналған нұсқаулықтардың жаңа нұсқасын дайындап жатқаны айтылады.

Дегенмен Мемлекеттік Думаның депутаты және Ресейдің бұрынғы бас санитария дәрігері Геннадий Онищенконың айтуынша, инфекциядан ең маңызды қорғаныс - коронавирусқа қарсы вакциналау. Ол барлық ресейлікті COVID-19 инфекциясына қарсы екпе салдыруға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети