Ресейде маймыл шешегінің алғашқы жағдайы анықталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде маймыл шешегінің алғашқы жағдайы анықталды Фото ©REUTERS

Ресейде маймыл шешегінің алғашқы жағдайы расталды. Бұл туралы Роспотребнадзор мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде маймыл шешегінің алғашқы жағдайы расталды. Бұл туралы Роспотребнадзор мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, бұл ауру Еуропа сапарынан оралып, медициналық мекемеге жүгінген жас жігіттен анықталған.

"Науқастан алынған биоматериалдар шұғыл түрде Роспотребнадзордың тиісті сараптама жүргізуге уәкілетті мекемесіне жіберілді. Биоматериалдарды зерттеу нәтижесі бойынша маймыл шешегі инфекциясы расталды.

Науқас оқшауланған және инфекциялық профильді медицина ұйымында жатыр. Ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген хабарламада.

Науқас Ресейге келген соң, шектеулі адамдар тобымен байланыста болғаны атап өтілді.

Маймыл шешегі - вирустық ауру, оның белгілері табиғи шешекпен ауыратын науқастарда байқалған белгілерге ұқсас.

Айта кетейік, маймыл шешегі байланыс және тамшылар арқылы дем шығарғанда берілуі мүмкін. Шешек жұқтырған маймылдардың көпшілігі бірнеше апта ішінде жазылады, бірақ ауру кезеңі 5-тен 21 күнге дейін өзгеруі мүмкін. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети