Таяу уақытта мемлекеттік думаға мемлекеттік қызметкерлерге қызметтік мақсаттарда Google, Yahoo және WhatsApp интернет-сервистерін қолдануға тыйым салатын заң жобасы енгізіледі, - деп хабарлайды "Известия".
Таяу уақытта мемлекеттік думаға мемлекеттік қызметкерлерге қызметтік мақсаттарда Google, Yahoo және WhatsApp интернет-сервистерін қолдануға тыйым салатын заң жобасы енгізіледі, - деп хабарлайды "Известия".
Бұл бастаманы "Защитим Россию" қоғамдық ұйымының басшысы Михаил Марченко мен Мемлекеттік думаның депутаты, РФКП заң қызметінің басшысы Вадим Соловьев көтеріп отыр. Олардың айтуынша, шенеуніктер Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевтің мәлімдемесін түсінбеген, ал Патрушев сервистерде тыңшылардың құрылғыларының бар екендігін айтып, осыған байланысты шетел сервистерінен бас тартуға шақырған.
"Жоғары деңгейдегі шенеуніктердің жіберген барлық мәліметі шетел тыңшыларының қолына келіп түседі. Кейбір жоғары лауазымды шенеуніктердің ұялы телефондардан бас тартуының себебі осында, өкінішке орай мұны барлығы түсіне бермейді. Себебі Николай Патрушевтің мәлімдемесінен кейін ешқандай да әсер болған жоқ", - деді Марченко.
Сонымен қатар, ол "Ресейдің мемлекеттік азаматтық қызметі туралы" заңының бабына мына сөздерді қосуды қарастыратынын атап өтті: "Азаматтық қызметке өтуіне байланысты азаматтық қызметкерге қызметтік мақсаттарда Google, Yahoo және WhatsApp шетел сервистерін қолдануға тыйым салынады".
Мұнымен бірге, Ресейдің Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне айыппұлдан басталып, мемлекеттік қызметкерді қызметінен шығаруға дейінгі жазалар түрін енгізу ұсынылып отыр. Бастама Федерация Кеңесінің тарапынан қолдау тапты. Сенатор Елена Афанасьева бұл бастаманың өзекті екенін айтып, қолдап, парламент қарауына енгізуге дайын екенін мәлімдеді.