Ресейде мобилизациядан жалтару бойынша алғашқы қылмыстық іс қозғалды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде мобилизациядан жалтару бойынша алғашқы қылмыстық іс қозғалды

Ресейде мобилизация кезінде әскери борышын өтеуден жалтару дерегі бойынша алғашқы қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ресей Федерациясының Тергеу комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Известия" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 23 қыркүйекте әскери есепте тұрған 32 жастағы Пенза қаласының тұрғыны 26 қыркүйек Пенза облысы Кондольский ауылдық кеңесінің әкімшілігіне шақырту алған. Ол ішінара мобилизация шеңберінде әскери комиссариатқа жіберілуі қажет болған.

"Әскери қызметтен босатуға заңды негіз болмаса да, ол шақырту бойынша келген жоқ", - делінген хабарламада.

Ер адамға қатысты 328-баптың 1-бөлігі "Әскери қызметке шақырудан жалтару" бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатын іс қозғалды.

Ведомствоның ресми мәлімдемесінен бұрын ресейлік заңгер Павел Чиков Telegram-арнасында ер адамның ОМОН-ның күшімен ұсталғанын және уақытша ұстау изоляторында екінші күн жатқанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети