Ресейде Алексей Навальныйдың інісі Олег Навальныйға федерал іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Ресейде Алексей Навальныйдың інісі Олег Навальныйға федерал іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Олег Навальныйды іздеу туралы ақпарат Ресей Ішкі істер министрлігінің ашық деректер базасында пайда болды.
"Іздеуге негіз: Қылмыстық кодекс бабы бойынша іздеуде", - делінген агенттік сауалына берген жауабында.
Бұл ретте ведомство қай бапқа қатысты екенін нақтыламаған.
Ресейдің Федерал қылмыстық атқару қызметі (ФҚАҚ) бір күн бұрын Олег Навальныйды шартты жазаға ауыстыруды талап еткені айтылған. Ол тамызда 2021 жылдың 23 қаңтарында "жаппай ауру қаупіне қарамастан" адамдарды келісілмеген митинг өткізуге шақырғаны үшін сотталған.
Олег Навальныйдың соттылығы бар: 2014 жылы ол ағасы Алексеймен бірге "Ив Роше" ісі бойынша 26 миллион рубль жымқырды деген айыппен сотталған. Ол 2018 жылы колониядан босатылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!