Ресейде оқушы қыз мектепте атыс шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде оқушы қыз мектепте атыс шығарды Фото: instagram.com/bryansk_official

Ресейдің Брянск қаласындағы мектептердің бірінде атыс болды, қауіпсіздік күштері ғимаратты қоршауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдің Брянск қаласындағы мектептердің бірінде атыс болды, қауіпсіздік күштері ғимаратты қоршауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

BAZA Telegram-арнасы мәліметінше, 8-сынып оқушысы атыс шығарған. Алдын ала мәлімет бойынша, 8 "А" сынып оқушысы биология сабағында оқушыларға оқ жаудырған. Ол гимназияның төртінші қабатына көтеріліп, сыныпқа кіріп, оқ атқан. Ол төрт баланы жаралап, кейін өзіне қол жұмсағаны айтылды.

Ресейлік БАҚ мәліметінше, қыз әкесіне тиесілі мылтықтан оқ атқан.

Mash Telegram-арнасы мәліметінше, атыс шығарған сегізінші сынып оқушысы мектепте қорлық көрген. Бүгінгі қайғылы оқиғаның бір себебі осы болуы мүмкін, себебі 8-сынып оқушысы ұл балаларға оқ жаудырған.

"Оқиға екінші сабақта болды, биология болатын. Алина қаруын алып, оқ жаудырған сәтте балалар партаның астына тығылмақ болды. Мұғалімдер қызды ақылға шақырды, бірақ ештеңе шықпады. Алинаны қосқанда, екі адам қаза болды, тағы төртеуі жарақат алды", - деп жазады Mash.

Назар аударыңыз, видеода балағат сөздер айтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети