30 желтоқсан 2018 13:00

Ресейде оқушылар сәби жатқан арбаға петарда лақтырған

Иллюстрация © kherson.net.ua

Ресейдің Тверь қаласында мектеп оқушылары 10 айлық сәби жатқан арбаға петарда лақтырған. Ресей тергеу комитетінің өңірлік басқармасы жергілікті БАҚ-та тараған хабарламаны тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"БАҚ мәліметінше, 27 желтоқсанда Тверь қаласындағы Маршал Конев көшесінде орналасқан үйдің кіреберісінде мектеп оқушылары он айлық сәби жатқан арбаға петарда лақтырған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сәбидің анасы петарданы арбадан сілкіп, қыз баланы қолына алып үлгерген, бала оқиға салдарынан зардап шеккен жоқ.

"БАҚ-та айтылған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеуалды тексеріс жұмыстары ұйымдастырылды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді комитеттегілер.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram