Ресей Федерациясының әлеуметтік саясат мәселесі жөніндегі Қоғамдық палата комиссиясының төрағасы Владимир Слепак Мемлекеттік думаның жаңа құрамына педофилдерге химиялық кастрацияны енгізу мәселесін қарастыруға шақырды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Ресей Федерациясының әлеуметтік саясат мәселесі жөніндегі Қоғамдық палата комиссиясының төрағасы Владимир Слепак Мемлекеттік думаның жаңа құрамына педофилдерге химиялық кастрацияны енгізу мәселесін қарастыруға шақырды, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасының жаңа құрамы кастрацияға қатысты тез арада Қазақстанның және өзге де елдердің тәжірибесін алу керек деп ойлаймын. Ол тәжірибе заңды түрде педофилдерді химиялық кастрация арқылы жазалаудың ендігіде мұндай мәндегі қылмыстың санын азайта алғанын көрсетті", - деді Владимир Слепак.
Сондай-ақ, қоғам белсендісі білім береу мекемелерінде қызметкерлерді қатаң бақылауға алуды ұсынды.
"Бұл жағдайда Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексіне бірқатар түзетулер енгізу қажет, яғни қылмыстық жауапкершіліктің орнына мемлекет табысына айыппұл төлету керек", - деді Қоғамдық палата комиссиясының төрағасы.
Айта кетейік, Қоғамдық палатаның баспасөз қызметіндегілер қазіргі уақытта Слепактың РФ Мемлекеттік думасына ұсынысты дайындап жатқанын айтты.
Осыған дейін Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация жасауға қатысты шешімнің қабылданғаны хабарланған еді. Кейінірек ІІМ өкілдері химиялық кастрациялау туралы шешімдердің қалай қабылданып отыратынын түсіндірді.
"Химиялық кастрация - бұл уақытша нәрсе, ол адамға жыныстық зорлық жөнінде ескерту жасау үшін қажет. Сонымен қатар, бұл бір реттік инъекция. Бұл дегеніміз инъекция жасалды, енді ол өмір бойы сондай болып қалады дегенді білдірмейді. Мүлде олай емес. Бұл медициналық ұйымдардың сот шешімі шыққан жағдайда ғана жүзеге асады. Өзгеріс талқыланды, егер біз осылайша тым болмаса бір баланың өмірін сақтап қалсақ, оны істеуге болады деп ойлаймын. Бұл дегеніңіз қалыпты жағдай емес, олар психикалық ауруға шалдыққандар немесе өзге де ауытқушылығы барлар деген сөз. Балаларды қорғау үшін бәрін жасауымыз керек. Бұл жетім балаларға ғана қатысты емес, бұл еліміздің барлық балаларына қатысты. Әлемде мұндай тәжірибе бар және біз де мұнымен күресуге тиіспіз", - деген еді халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Бірғаным Әйтімова.