Ресейде ресми түрде президенттік кампания басталды. "Российская газета" басылымында бүгін Сайлауды тағайындау федерациясының кеңесі үкім шығарғаны жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Ресейде ресми түрде президенттік кампания басталды. "Российская газета" басылымында бүгін Сайлауды тағайындау федерациясының кеңесі үкім шығарғаны жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Партия тарапынан ұсынылған кандидаттар немесе өзін-өзі ұсынушылар бүгіннен бастап съездер мен жиналыстар ұйымдастырып, Орталық сайлау комиссиясына қажетті құжаттар өтакізуіне болады.
23 адам президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынуды жоспарлап отыр, оның ішінде қазіргі президенті Владимир Путин де бар. Ол өзін өзі ұсынушы ретінде шығады. Одан бөлек сайлауға тележүргізуші Ксения Собчак, журналист Екатерина Гордон, "Яблоко" көшбасшысы Григорий Явлинский және ЛДПР төрағасы Владимир Жириновский қатысуды жоспарлап отыр.
Дүйсенбіден бастап Орталық саулау комитеті 18 наурызда өтетін сайлауға дауыс беруді ұйымдастыруға қаражат алады. Осы мақсатқа 14,807 миллиард рубль қарастырылған.
Ресейде Президент алты жылға сайланады.