27 ақпан 2018 | 12:52

Ресейде семіздікке шалдыққан жастар саны үш есе артқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет © uprkult.ru Иллюстрациялық сурет © uprkult.ru

Ресейде семіздікке шалдыққан жастар қатары үш есе артқан. Елдегі Экономиканың жоғары мектебі тапсырысымен "Левада-орталық" өткізген зерттеу қорытындысы осыны көрсетіп отар, - деп хабарлайды iz.ru.


Иконка комментария блок соц сети

Ресейде семіздікке шалдыққан жастар қатары үш есе артқан. Елдегі Экономиканың жоғары мектебі тапсырысымен "Левада-орталық" өткізген зерттеу қорытындысы осыны көрсетіп отар, - деп хабарлайды iz.ru.

Зерттеу кезінде төрт мыңнан аса адамнан сауалнама алынған. Олардың көпшілігі өзінің тамақтану әдебін дұрыс деп есептейді екен. Алайда ресми статистика бойынша, ресейліктердің 55 пайызы семіздіктен зардап шегеді. Сарапшылардың пікірінше, адамдар тамақтануын дұрыс қалыптастыра алмайды. 

16 мен 24 аралығында семіздікке шалдыққандар саны 6 пайыз болыпты - бұл 2011 жылмен салыстырғанда үш есе көп. Ал артық салмағы бар жастар саны 13 пайыздан 17 пайызға дейін артқан. Ал 25 бен 39 жас аралығында семіздікке шалдыққандар 42 пайыз болыпты, ал жасы 55-тен асқандар арасында - 77 пайыз. 

Артық салмақтың бары дене салмағының индексі арқылы анықталады. 18-ден 22-ге дейінгі көрсеткіш қалыпты саналады. Ал көрсеткіш 35-тен асқан адамдар семіздікке шалыққан деп есептеледі. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети