Ресейде Ставрополь жол полициясының басшысы Алексей Сафонов 19 миллион рубль пара алды деген күдікке ілінді. Әлеуметтік желілерде полицейдің "алтын жалатылған" үйінің суреттері қызу талқыланып жатыр, оларды Мемлекеттік Думаның депутаты Александр Хинштейн Telegram арнасында жариялаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік Дума депутатының айтуынша, Ставрополь өлкесінің Жол қозғалысы қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясының басшысы Алексей Сафонов бастаған барлық жоғарыдағы шенді ұсталды. Оларға қылмыстық топ ұйымдастырып, пара алды, билікті теріс пайдаланды деген айып тағылды.
РИА Новости мәліметінше, Ставрополь өлкесіндегі Алексей Сафонов бастаған қылмыстық топ мүшелеріне 19 миллион рубль пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
А. Хинштейннің Telegram арнасы. @Hinshtein/Telegram
Сафонов және ол басқаратын топтың алты мүшесі, оның ішінде Жол қозғалысы қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясы басқармасының бұрынғы бөлім басшысы Александр Аржанухин, инспектор Виталий Мельчиков және тағы төрт адам ұсталды. Тергеушілер оларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтініш жіберуді жоспарлап отыр.
Тергеу нұсқасы бойынша, Сафонов бастаған қылмыстық топ бірнеше жыл бойы Ставропольдегі астық дақылдары мен инертті материалдарды тасымалдаушыларға ақшаға рұқсат қағазын жасап, әкімшілік заңнаманы бұза отырып, жүк тасымалын кедергісіз жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Осылайша, топ мүшелері 19 миллион рубльден аса сомада аса ірі мөлшерде пара алған.
А. Хинштейннің Telegram арнасы. @Hinshtein/Telegram
Сафоновқа 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр, оған алған парасынан жетпіс есе көп - 1,3 миллиард рубльден аса айыппұл салынады.
А. Хинштейннің Telegram арнасы. @Hinshtein/Telegram
Ұсталған полковниктің жуынатын бөлмесінде алтын раковина мен дәретхана анықталды.
Үйде жаттығу залы да бар.
Тергеу комитеті ұсталған жол полициясы басқармасы басшысының үйінен видео жариялады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!