Ресейде түнгі клубтан өрт шықты: 13 адам қаза тапты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© РИА Новости © РИА Новости

Ресейде Костромадағы "Полигон" түнгі клубында болған өрт салдарынан 13 адам қаза тауып, тағы бірнеше келуші зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РЕН ТВ телеарнасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ресейде Костромадағы "Полигон" түнгі клубында болған өрт салдарынан 13 адам қаза тауып, тағы бірнеше келуші зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РЕН ТВ телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға қарашаның 5-іне қараған түні болған. Клуб-мейрамхана ғимаратындағы өрт салдарынан 3,5 мың шаршы метр аумақтың шатыры опырылып түскен. 250 адам эвакуацияланды.

Куәгерлердің айтуынша, эвакуациялық шығу есіктері жабық болғандықтан, адамдар жалынға оранған ғимараттан шығып үлгермеген. Кафе бірден бірнеше бағыттан өртенген.

"Өрт қатты лаулады. Жалын өте қорқынышты болды. Клуб бірден бірнеше жақтан өртенді ... Клубтан шығатын жалғыз есік болды, бірақ ол жерден ешкім шыға алмады. Біз шыққан кезде бәрі шығып үлгерген: жартысы жолда, жартысы кіреберісте жатыр. Сұмдық болды", - деді куәгерлердің бірі.

Өртке ғимарат ішіндегі зымыран тасығыштан атылған оқ себеп болған деген болжам бар. Келушілердің бірі жанжалдасып, кейін ол қарсыласына оқ жаудырды (басқа нұсқа бойынша оқ бөлменің төбесіне бағытталған), клубты қою түтін басып, өрт шықты.

Кейін зымыран тасығыштан атқан адам ұсталды. Жігіт жасаған қылмысын мойындады. Ұсталған 23 жастағы Свердлов облысының тумасы Станислав Ионкин болып шықты. Baza telegram арнасының мәліметінше, ол Украинадан тамызда жараланып оралған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro