Ресейдің Краснояр аймағында үш жыл бұрын жоғалып кеткен оқушының денесі мектеп маңынан табылды. Ұл баланың денесі мектеп жанындағы өртке қарсы су жиналатын резервуардың ішінде жатқан, - деп хабарлайды РЕН ТВ.

9 жастағы Константин Черновтың денесі 15 наурызда табылды. Бала үш жыл бойы іздеуде болған. 2014 жылдың желтоқсанында сағат 15:00 кездерінде мектептен шыққан 2 сынып оқушысы үйіне сол күйі бармаған.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс жүргізіп жатыр.
Баланың жеке басын нақты анықтау үшін оның денесі молекулярлық-генетикалық сараптамаға жіберілді.