"Мәскеу-Санкт-Петербург" әуе рейсінің жолаушысы ұшу кезінде өзін жарақаттады, - деп хабарлайды РИА Новости. Көліктегі полицейлер қазір тексеру жүргізіп жатыр.
"Мәскеу-Санкт-Петербург" әуе рейсінің жолаушысы ұшу кезінде өзін жарақаттады, - деп хабарлайды РИА Новости. Көліктегі полицейлер қазір тексеру жүргізіп жатыр.
Порталдың мәліметінше, оқиға туралы хабар 25 мамырда Мәскеу уақыты бойынша 23.00-де Ресей ІІМ желілік бөлімінің "Пулково" әуежайындағы кезекші бөлімшесіне түскен.
"Оқиға орнына жедел жеткен көліктегі полицейлер өз-өзіне қол салған адамның 1952 жылғы ер адам екенін анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша, ол әуе кемесіндегі дәретханаға кіріп, сол жақ қолының білегін кесіп, жарақаттаған", - делінген жарияланымда.
Айта кетейік, ер адамға медициналық көмек көрсетілді, ол орташа ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Ұшу кезінде жолаушылар арасында ешқандай жанжалдың болмағаны анықталып отыр.