30 сәуір 2021 15:09

Ресейдегі АҚШ елшілігі виза беруді тоқтатады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Ресейдегі АҚШ елшілігі 12 мамырдан бастап дипломатиялық визаларды қоспағанда, иммиграциялық емес визаға өтініштерді өңдеуді тоқтатады, - деп хабарлайды РИА Новости.


Ресейдегі АҚШ елшілігі 12 мамырдан бастап дипломатиялық визаларды қоспағанда, иммиграциялық емес визаға өтініштерді өңдеуді тоқтатады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Консулдық қызметі тек америкалықтарға және саны шектеулі болғандықтан төтенше жағдайларға байланысты ұсынылады. Ресейлік визасының мерзімі аяқталған АҚШ азаматтарына 15 маусымға дейін елден кетуге кеңес беріледі, делінген миссия хабарламасында.

"12 мамырдан бастап АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігі консулдық қызметтер санын қысқартады, оған тек АҚШ азаматтары үшін төтенше жағдайлар, өмір мен өлім мәселелеріне байланысты иммиграциялық визалар кіреді. Кызмет саны шектеулі", - делінген миссия сайтында.

Бұл жағдай Ресей үкіметінің америкалық дипломатиялық миссияға шетелдік азаматтарды жалдауға тыйым салу ниеті туралы хабарламасына байланысты екені айтылды. "Дипломатиялық емес сапарлар үшін иммиграциялық емес визаларды өңдеу тоқтатылады", - делінген хабарламада.

"Жақын болашақта" дипломатиялық миссия нотариаттық қызметтерді, шетелде туу туралы консулдық есептерді немесе төлқұжаттарды жаңарту қызметтерін ұсынбайды. Елшіліктегілер төтенше жағдай болса, АҚШ-тың жаңа төлқұжатын алғысы келетіндерге электронды пошта арқылы сұраныс жіберуді ұсынды.

"Егер сіз Ресейдегі АҚШ азаматы болсаңыз және сіздің визаңыз аяқталса, Ресей үкіметі белгілеген мерзім 15 маусымға дейін Ресей Федерациясынан кетуді ұсынамыз", - деді дипломатиялық миссия мүшесі.

"Ресей үкіметінің әрекеті консулдық қызметін 75 пайызға қысқартуға мәжбүр еткеніне өкінеміз және АҚШ азаматтарына мүмкіндігінше көп қызмет ұсынуға тырысамыз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ресей азаматтары Қазақстандағы АҚШ елшілігіне виза алу үшін жиі өтініш білдіреді. АҚШ заңнамасы ресейліктерге басқа елде виза алуға өтініш беруге тыйым салмайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети