Ресейдегі жантүршігерлік жол апаты: Қырғызстанда 23 тамыз Қаралы күн болып жарияланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ©РИА Новости Фото: ©РИА Новости

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресейдің Ульяновск облысында жол апаты салдарынан отандастарының қаза болуына байланысты халыққа үндеу жасады. Үндеу мәтіні президент сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресейдің Ульяновск облысында жол апаты салдарынан отандастарының қаза болуына байланысты халыққа үндеу жасады. Үндеу мәтіні президент сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жапаров Ресей Федерациясының Ульяновск облысында болған оқиға әрбір қырғызстандықты елең еткізгенін, орны толмас қаза баршаның жүрегіне қаяу салғанын айтты.

"Отандастарымыздың жол-көлік оқиғасына ұшырағаны туралы хабарды үлкен қайғымен қабылдадық.

Қаза болғандардың туыстарының қайғысын түсінемін және бөлісуге даярмын, оларға қазір өте қиын. Мұндай жағдайларда жанашыр сөздерді айту қиын. Соған қарамастан, апат салдарынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", - деді Қырғызстан президенті.

Оның айтуынша, апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстары мен жақындарына көмек көрсетіледі. Жапаров бұл мәселе өзінің жеке бақылауында болатынын қадап айтты.

"Құрметті отандастар, бұл қайғылы оқиға барша халық үшін үлкен қайғы, осыған байланысты 23 тамызды Қырғызстан Республикасы аумағында Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын", - деп түйіндеді сөзін Садыр Жапаров.

Ресейдің Ульяновск облысында болған жол-көлік оқиғасында 16 адам қаза тапты, оның 14-і Қырғызстан азаматтары. Үш қырғызстандық аман қалған. Олардың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр, деп жазады 24.kg.

Шағын автобус екі жүк көлігі арасында қысылып қалған. Адам өліміне себепкер болған жүк көлігінің жүргізушісі де қаза болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer