Ресейдің Қазақстанмен шекаралас аймағында да құс тұмауымен жағдай күрделі болып тұр, - деп хабарлайды "Хабар 24".
Ресейдің Қазақстанмен шекаралас аймағында да құс тұмауымен жағдай күрделі болып тұр, - деп хабарлайды "Хабар 24".
Дереккөз мәліметінше, жалпы Түмен, Челябі, Қорған және Омбы облыстарында қауіпті осы дерттің 40-тан аса ошағы тіркелді. Әсіресе Омбы облысындағы жағдай ауыр.
Алғаш рет бұл кесел 12 тамызда анықталған еді. Қазір ол облыстағы 32 ауданның 15-іне тарап кетті. Алғашында бұл ауру жеке меншік қожалықтарда тіркелді. Қораларындағы құстарына бұл дерт жабайы құстардан жұққан.
Қыркүйек айының ортасына дейін жеке меншік шаруашылықтардағы 12 мың тауық, қаз, үйрек пен күркетауықты қырды. Індет тараған елді мекендерде карантин жарияланды, құс пен жұмыртқаны сыртқа шығаруға тыйым салынды. Облыс әкімшілігі жекеменшік қожалықтарына төленетін өтемақы көлемін 5 миллион рубльге бағалап отыр. Омбы облысы Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерінің мәлімдеуінше, індеттен кейін бұл сала тек екі жылдан кейін толық қалпына келетін түрі бар. Құс тұмауы өңірдегі ең ірі шаруашылық Ертіс құс фабрикасына тарап кетті. Мұндағы 1,5 миллион тауықты бір айдың ішінде қырып тастау қажет. Кәсіпорында төтенше жағдай жарияланды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!