ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 31 қаңтар 2021 16:37
Ресейдегі митинг: рэпер Oxxxymiron ұсталды
Санкт-Петербургте Oxxxymiron лақапатымен танылған рэп-орындаушы Мирон Федоров ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты агенттікке әртістің менеджері растаған. Oxxxymiron бүгін туған күнінде митингіге келген.
"Рэпер Оксимиронды келісілмеген митингіде ұсталғаннан кейін Санкт-Петербург полициясына алып кетті", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бүгін Ресейдің бірқатар қаласында Алексей Навальныйды қолдау үшін митингілер мен рұқсат етілмеген наразылық акциялары өтіп жатыр.
"ОВД-инфо" мәліметінше, Мәскеу уақытымен 12:00-ге дейін бүкіл Ресей бойынша 31 қаңтардағы митингілерде 519 адам ұсталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу