Ресейдегі наразылық акциясында 1300-ден астам адам ұсталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдегі наразылық акциясында 1300-ден астам адам ұсталды Фото ©РИА Новости

Ресей қалаларында мобилизацияға қарсы акциялар кезінде мыңнан астам адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей қалаларында мобилизацияға қарсы акциялар кезінде мыңнан астам адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған видеоларда демонстранттар қолдарына "Соғысқа жол жоқ!" деген плакаттар ұстап, соғысқа қарсы ұрандар айтып жатқаны көрінеді.

Новосибирскідегі орталық алаңға жиналғандар ішінде полиция қызметкерлеріне: "Мен Путин үшін де, сен үшін де өлмеймін!", - деп айқайлаған шерушілер қамауға алынды.

"ОВД-Инфо" құқық қорғау жобасының мәліметінше, Мәскеу уақыты бойынша түнгі сағат 11:30 шамасында Мәскеу мен Петербургте ұсталғандар 1060 адамнан асқан.

Сәрсенбі күні мобилизацияға қарсы акция мен пикеттер Ресейдің 38 қаласында (Челябинск, Красноярск, Тверь, Воронеж, Краснодар, Саратов, Калининград, Петрозаводск, Рязань. Иркутск және тағы басқа) өтті. Соңғы мәлімет бойынша, 1300-ден астам адам ұсталған.

Екатеринбургте акцияға қатысушылардың біріне "Билік өкіліне күш қолдану" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қалада 40-тан астам адам ұсталған.

Daily Mail 20 қыркүйекте Путиннің үндеуі жарияланғаннан кейін Google-дың ресейлік сегментінде Ресей Федерациясынан қалай кетуге болады деген сұраулар көбейгені айтылды. Ал бүгін Мәскеу биржасы құлдырады, Ресейден ұшатын әуе билеттерінің бағасы бірнеше есе өсті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети