Мәскеу соты Тесак лақап атымен танымал ұлтшыл Максим Марцинкевичті он жылға қамауға алу және жазасын қатаң тәртіптегі режимде өтеу туралы үкім шығарды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Мәскеу соты Тесак лақап атымен танымал ұлтшыл Максим Марцинкевичті он жылға қамауға алу және жазасын қатаң тәртіптегі режимде өтеу туралы үкім шығарды, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Оккупай-педофиляй" әлеуметтік жобасының лидері мен оның тоғыз сыбайласы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, қарақшылық, тонау, мүлікті бүлдіру, бұзақылық бойынша айыпталған болатын. Тергеу нұсқасына қарағанда, олар адамдарды электр есеңгіреткіштер мен газ баллондарымен ұрып-соққан. Сондай-ақ, Мәскеуде адамдарды соққыға жығып, заттарын тартып алып, елдің көзінше олардың үстіне бояу немесе басқа да заттар құйған.
Осыған байланысты прокурор Максим Марцинкевичті 11,5 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң тәртіптегі режимде өтеуін сұрады. Қалған фигуранттарға да прокурор осындай жаза сұрады.
Басылымның мәліметінше, судья Марцинкевичті айыпты деп танып, оны 9 жылға бостандығынан айыру туралы, сондай-ақ, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеу туралы үкім шығарды. Алайда сотталушының осыған дейін жасаған қылмысына байланысты сот оны 10 жылға қамауға алуды шешті.
Айта кетейік, Марцинкевич осыған дейін Интернетке экстремистік мазмұндағы мәлімделері үшін сотталған болатын. Ол сол кезде 3,5 жылға бас бостандығынан айырылған.