Ресейдегі зауытта жарылыс болып, 16 адам қаза тапты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдегі зауытта жарылыс болып, 16 адам қаза тапты Фото ©РИА Новости

22 қазанда таңертең Рязань маңындағы "Эластик" зауытындағы цехта жарылыс болды, қаза тапқандар бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

22 қазанда таңертең Рязань маңындағы "Эластик" зауытындағы цехта жарылыс болды, қаза тапқандар бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Оқиға туралы жергілікті уақыт бойынша сағат 8.22-де хабарланған. Бұл кезде ауысым қызметкерлері енді ғана жұмысқа кіріскен, ал ғимаратта 17 адам болған. Қазіргі уақытта олардың 16-сы қаза болғаны белгілі.

Жарылыстан кейін басталған өртті сөндіру үшін 170 адам мен 50 техника жұмылдырылған. 160 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сағат 09.45-те оқшауланған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Төтенше жағдайлар министрлігі мамандары өрт технологиялық процестің бұзылуынан шыққанын айтқан. Алайда жарылыстың нақты себебі мен мән-жайын мамандар анықтауы тиіс.

Әзірше ауысым жұмысшылары техниканы қосқаннан кейін жарылыс болғаны ғана белгілі.

Зауыттың ресми сайтында компания алты жыл бұрын банкрот болғаны және 2017 жылдан бері жұмыс істемейтіні көрсетілген. Төтенше жағдайлар қызметі мәліметінше, шеберхана жарылғыш заттарды өндіру және сақтау, оқ-дәрілерді жоюмен айналысатын компанияға тиесілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети