Ресейден Қазақстанға әуе рейстері 15 шілдеде ашылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейден Қазақстанға әуе рейстері 15 шілдеде ашылуы мүмкін Фото moscow-airports.com

Росавиация 15 шілдеден бастап халықаралық әуе рейстерін ішінара ашу туралы ұсынысын Ресей тұтынушылардың құқығын қорғау қызметіне жолдайды, - деп хабарлайды РБК.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Росавиация 15 шілдеден бастап халықаралық әуе рейстерін ішінара ашу туралы ұсынысын Ресей тұтынушылардың құқығын қорғау қызметіне жолдайды, - деп хабарлайды РБК.

Алғашқы кезеңде Ресей 15 елге - ЕАЭО және ТМД мемлекеттеріне рейстерді ашады. 

Дереккөздің мәліметінше, Росавиация Еуропа елдеріне, оның ішінде Түркияға, сондай-ақ Оңтүстік Корея мен Қытайға шекараны ашуды ұсынады. Сонымен қатар, барлық идея коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабта талқыланады, ал соңғы шешімді Ресей тұтынушылардың құқығын қорғау қызметі шығарады. Айта кетейік, Ресейден ұшатын рейстер қонатын елдердің келісіміне де байланысты болмақ.

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейгеннен кейін 27 наурыздан бастап халықаралық әуе рейстері жабылған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети