Ресейден кетіп қалған Максим Галкин алғаш рет Израильден байланысқа шықты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© instagram/maxgalkinru © instagram/maxgalkinru

Бір ай бұрын әйелі Алла Пугачевамен және балаларымен Израильге көшіп кеткен ресейлік әзілкеш әрі тележүргізуші Максим Галкин алғаш рет Instagram-парақшасында байланысқа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бір ай бұрын әйелі Алла Пугачевамен және балаларымен Израильге көшіп кеткен ресейлік әзілкеш әрі тележүргізуші Максим Галкин алғаш рет Instagram-парақшасында байланысқа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шоумен наурыздың басынан бері әлеуметтік желілерді жүргізуді, оқырмандарымен өз өміріндегі оқиғаларды бөлісуді тоқтатты. Желіде ерлі-зайыпты Мәскеуге оралғысы келмейтіні, азаматтығын өзгертуді жоспарлап отырғаны туралы қауесет тарай бастады.

Осы ақпараттарға пікір білдіру үшін әзілкеш видео жариялады. Ол әлеуметтік желілерде әзірше жаңа видеолар күтудің қажеті жоғын айтты.

"Құрметті оқырмандарым балалармен күлкілі видеолар жүктеп, әлеуметтік желілерді бұрынғыдай жүргізуімді сұрайды. Бұлай жасаудың ешқандай рухани және моральдық мүмкіндігін көріп тұрған жоқпын. Сондықтан әлеуметтік желілерім бұрынғыдай, 24 ақпанға дейінгідей болмайды", - деді Галкин.

"Мен, менің отбасым туралы барлық қауесетке, хайпқа, жағымсыз ақпаратқа келетін болсақ, таңертең кеңес газеттерін оқымаңыздар, дер едім. Мұның бәрі бос сөз, оған жауап берудің керегі жоқ деп санаймын. Түсінгендеріңізге рақмет", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Максим Галкин (@maxgalkinru)

Сондай-ақ, ол Stories-те маусымда өтетін концерттері туралы ақпаратты жариялады. Бірақ олар Израильде өтеді.

24 ақпанда Максим Галкин Украинадағы қақтығыс туралы пікір білдірді.

"Не сезінетінімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес! Қалай? Соғысты ақтайтындай себеп жоқ!" - деп жазды ол Instagram-да.

Галкин өз ұстанымын айтқаннан кейін федералды телеарналар әзілкеш түскен "Уралсиб" банкінің жарнамасын эфирден алып тастаған. Сонымен қатар, әртістің Ресейдің түрлі қаласындағы концерттері тоқтатылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro