Ресейдің Дондағы Ростов қаласында болған жарылыстан ер адам зардап шекті, - деп хабарлайды РИА Новости құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасай отырып.
Ресейдің Дондағы Ростов қаласында болған жарылыстан ер адам зардап шекті, - деп хабарлайды РИА Новости құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасай отырып.
"Ер адам жолда күмәнді бір зат тауып алған. Ал ол зат болса ер адамның саусақтарын жұлып жіберген. Ер адам ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлайды агенттік.
Басқа бір дереккөз жарылыстың қаладағы мектептердің бірінің маңында болғанын айтады.
"Алдын ала мәлімет бойынша, бұл зат аула сыпырушысы аумақты тазалап жатқан кезде жарылып кетіп, ол соның салдарынан жарақат алып қалған", - дейді дереккөз полицейлердің төтенше жағдай болған жерді қоршауға алғандарын айта отырып.
Басылымның мәліметінше, мектептегі сабақтар тоқтатылды, ғимаратқа ешкімді кіргізбей жатыр.
Өңірлік Тергеу басқармасының Тергеу комитеті басшысының аға көмекшісі Галина Гагалаева тергеушілер мен криминалистердің жарылыс болған жерге кеткенін хабарлады.