23 шілде 2015 16:43

Ресейдің "Россия 24" телеарнасы Алматыдағы сел туралы жалған видеоны көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Россия 24" © "Россия 24"

"Россия 24" телеарнасының эфирінде Алматыдағы сел туралы сюжет көрсетілді. Дегенмен кадрдан видеоның басқа аймақта түсірілгенін байқауға болады.


"Россия 24" телеарнасының эфирінде Алматыдағы сел туралы сюжет көрсетілді. Дегенмен кадрдан видеоның басқа аймақта түсірілгенін байқауға болады.

Tengrinews.kz тілшісінің мұндай қателікке қалай жол берілгендігі туралы сұрағына олар жағдайды анықтайтындарын айтты.

"Рахмет, қазір біз қайта қарап, алып тастаймыз. (...) Басқа ештеңе айта алмаймыз, мәселені шешеміз", - деді "Россия 24" өкілдері. Кейін ролик телеарнаның сайтынан өшірілді. Ал қызметкерлер техникалық қателіктен кейін оның жөнделгенін айтты.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде басқа аймақта болған селдің видеосы Алматыдағымен байланыстырылған болатын. Дегенмен оның Қазақстанға қатысы жоқтығы анықталды. Кадрдан сел тасқынының жолындағыларды қиратып әкеткенін көруге болады. Бұл видео WhatsApp мессенджері арқылы да таралды. Кейін ІІД Алматыдағы селге байланысты әлеуметтік желілерде таралған барлық суреттер мен видеоларды зерттеп жатқандарын хабарлады. Жалған ақпаратты таратқандарға 5000 АЕК көлемінде айыппұл немесе 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған.

Еске сала кетейік, Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзен суының деңгейінің көтерілгендігі жайлы хабар түнгі сағат 03.00-де түсті. Екі ауылды су басты - Қарғайлы және Каменка. Суды шлюз арқылы арнаға түсіру жұмыстары жүріп жатыр. Су бөгеті жарылған жоқ.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети