18 қазан 2016 23:51

Ресейдің Спорт министрлігі Грозныйда өткен турнирдегі балалар жекпе-жегін ережені бұзу деп мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© korrespondent.net © korrespondent.net

8-10 жастағы балалар Грозныйда өткен аралас жекпе-жектерге (ММА) қатыспау керек болатын. Бұл туралы жұмыс тобының отырысынан кейін Ресейдің Спорт министрлігі таратқан баспасөз хабарламасында айтылған, деп жазады Тасс агенттігі.


8-10 жастағы балалар Грозныйда өткен аралас жекпе-жектерге (ММА) қатыспау керек болатын. Бұл туралы жұмыс тобының отырысынан кейін Ресейдің Спорт министрлігі таратқан баспасөз хабарламасында айтылған, деп жазады Тасс агенттігі.

"Барлық жағынан талқылай келе жұмыс тобы 18 және жоғары жастағы топтар жарысы ереже бойынша өтті. Бірақ аталған шара аясында 8-10 жастағы балалар да көрсетуші жекпе-жектерге қатысты, бұл осы спорт түрінің "аралас жекпе-жек (ММА)" ережелерін бұзу болып келеді", - делінген хабарламада.

"Оның үстіне турнир ресми сайыстық жарыс емес, өйткені Ресейдің Спорт министрлігі және "Ресейдің аралас жекпе-жек одағы" Жалпы ресейлік қоғамдық ұйымымен келісілген жоқ. Сондай-ақ, ол 2016 жылдың аймақ аралық, бүкіл ресейлік және халықаралық спорттық шаралар күнтізбесіне, тіпті Шешен Республикасының спорт жарыстары мен шаралары күнтізбесіне кірген жоқ", - деп қоса айтлған хабарламада.

Отырыс нәтижесі бойынша Шешен Республикасының дене шынықтыру және спорт министрлігіне республика аумағында өтетін халықаралық, бүкіл ресейлік спорттық шараларды өткізу бойынша Ресейдің Спорт министрлігі және спорт федерацияларымен келісіп алу ұсынылды.
 
Еске салайық, 4 қазанда Грозныйда Grand-Prix Akhmat 2016 турнирі аясында аралас жекпе-жектен турнир өтті. Ересек спортшылардан бөлек онда Қадыровтың үш ұлы (он, тоғыз және сегіз жастағы) қатысты. Олардың барлығы жеңіске жетті, оның үстіне үлкен ұлы кездесудің 14 секундында нокаутпен жеңді. Кейінірек Емельяненко балалар қатысқан жекпе-жектерді сынға алып, 12 жасқа дейінгі балаларға ММА ережелері бойынша жекпе-жекке мүлде шығуға болматындығы айтқан. Осыдан кейін турнирді ұйымдастырушылар Емельяненкоға жауап берген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети