14 қаңтар 2019 | 11:46

Ресейдің тағы бір қаласында көпқабатты үй қирады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ростов облысының Шахты қаласында тұрмыстық газдың жарылуынан көпқабатты үй құлады үйіндінің астында жеті адамдай қалуы мүмкін деген ақпарат бар, деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Ростов облысының Шахты қаласында тұрмыстық газдың жарылуынан көпқабатты үй құлады үйіндінің астында жеті адамдай қалуы мүмкін деген ақпарат бар, деп хабарлайды РИА Новости.

Шахты қаласында тұрмыстық газдың жарылысы тоғыз қабатты тұрғын үйде болды. Осының салдарынан сегіз және тоғызыншы қабаттағы үй аралығы опырылған. Алдын ала деректер бойынша 5 адам зардап шеккен.

"Үйіндінің астында жеті адам қалды", - деп хабарлады төтенше жағдай жөніндегі ведомствоның өкілі.

Ол құтқару жұмыстары кезінде алты адам құтқарылғанын айтты.

Алдын ала ақпарат бойынша, төтенше жағдайлар қызметінің өкілі осы жағдай Хабаров көшесіндегі №16 үйдің тоғызыншы қабатында орналасқан №30 пәтерде болғанын айтты.

Еске салайық, осыған дейін 31 желтоқсанда Магнитогорск қаласында он қабатты үйде де газ жарылып, салдарынан бір кіреберіс опырылғаны хабарланған. Апат болған аймақта 120 адам тұрып жатқан. ТЖМ соңғы мәліметінше, оқиға салдарынан 36 адам қаза тапқан.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети