04 наурыз 2014 | 08:58

Ресейдің Украинаны аннексиялауы екіталай - сарапшылар

ПОДЕЛИТЬСЯ

©News.mail.ru ©News.mail.ru

Ресейдің Украинада аннексия жасауы екіталай. Қазақстандық саясаттанушылар Tengrinews.kz тілшісіне осындай пікір білдірді. Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтың пікірінше, Украинадағы ахуалдың қисыны алдын ала болжауға келмейді. Дегенмен ол елде әскери жанжалдың немесе азаматтық соғыстың болуын жоққа шығарады. Саясаттанушының айтуынша, Ресей өз әрекетімен радикалдарды "жуасытып", келіссөздерге көшуді қалайды, ал аннексия жасауы екіталай. "Меніңше, Қырым аумағына шектеулі контингентті енгізу киевтік радикалдарды сабаға түсіруді және оларды келіссөздерге келуге мәжбүрлеуді көздейді... Әскер алаңға шығарылды, бірақ ешкім де соғысқа дайындалып жатқан жоқ. Мәскеу өз азаматтарын қорғау үшін ғана емес, "евромайданшыларды" өз халқын сыйлауға шақыру үшін де жұдырық көрсетті", - дейді Әшімбаев. Саясаттанушы Украинадағы ахуал дамуының бір нұсқасы ретінде оның екі-үш мемлекетке бөлінуін айтады: Шығыс Украина, Батыс Украина және Қырым. Әшімбаевтың пікірінше, Батыс Украинадан басқалардың бәрінің көңіліне жағатын сценарий Украинаны федерациялау болмақ. "Мен бірыңғай күшті мемлекет болу нұсқасын қарастырмаймын. Федерация келешекте түрлі жанжалдардың алдын алудың жалғыз мүмкіндігі бола ма деп қауіптенемін", - дейді ол. Спикердің айтуынша, Украинада елді біріктіре алатын саясаткерлер жоқ. Саясаттанушы Рустам Бұрнашев та Ресей аннексиясының болу мүмкіндігін жоққа шығарды. Оның айтуынша, Ресей тек өзінің Қырымда әскер пайдалана алуға мүмкіндігі барын құқықтық жағынан қамтамасыз етті. "Ресей позициясы - батыстағы серіктестерін Еуропадағы қауіпсіздік мәселесіне қатысты диалогқа мәжбүрлеу ғана. Нақты айтқанда, ЕҚЫҰ немесе қарапайым қарулану туралы келісімдер форматында диалогқа көшу. Маған Ресейдің негізгі мақсаты қазір келіссөздердің тиімді алаңын қамтамасыз ету сияқты", - дейді ол. Бұрнашев Ресейден мәселені әскери жолмен шешуді көздейтін мүддені байқамайтынын айтты. "Ал Ресей әскері Украинаға аумағына кірсе де, кірмесе де АҚШ-тың санкциялары Еуроодақтың қарымта әрекеттері сияқты идеологиялық сипатта болады", - дейді саясаттанушы. Сарапшы Александр Князев те Ресейдің Украинаға әскер кіргізу туралы бастамасының белсенді әрекетке айналуына ешқандай қажеттілік жоқ екенін айтады. "Федерация кеңесі тарапынан мақұлданған әскер кіргізу туралы бастаманың кең насихатталуы - батыс жетекшілерін қалайда тілдесуге итермелейтін саналы ишара. Әзірше мұны тек диалогқа шақырған белгі деп қарастыру керек деп ойлаймын", - дейді Князев. Оның пікірінше, аннексияның қисыны жоқ, өйткені жуырда оңтүстік-шығыс Украина мен Қырым тұрғындарының Ресей азаматтығын қабылдау процесі басталады. Заңнамалық рәсімдерге сәйкес, Ресей құрамына қосылу жөніндегі референдум туралы шешім қабылданады. Саясаттанушының айтуынша, оқиғалар дамуының бір нұсқасы - Украинаның жекелеген бөлігінде Абхазия мен Осетиядағыдай жағдай тууы мүмкін. "Олар де юре - өз алдына дербес мемлекет, бірақ халқының көбі - Ресей тұрғындары", - дейді Князев.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети