АҚШ өкілдері жоғалып кетті делінген ресейлік әскери ұшақты Сирияның әуе шабуылына қарсы қорғану жүйесінің атып түсіруі мүмкін екенін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Өзінің есімін атамауды сұраған америкалық шенеуніктің айтуынша, АҚШ үкіметіндегілер ресейлік ұшақты Сирияның әуе шабуылына қарсы қорғану жүйесінің атып түсіру мүмкін деген нұсқаны зерттеп жатыр.
Ил-20 ұшағы 17 қыркүйекте кешкі уақытта жоғалып кеткен болатын. Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі өкілдерінің хабарламасында ұшақтың Мәскеу уақыты бойынша сағат 23.00-де Сирия маңында жоғалып кеткені айтылады.