29 желтоқсан 2015 13:54

Ресейлік БАҚ-тар Түркияны жиі дұшпандық мәнде атайтын болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Ресейлік БАҚ-тар Түркияны АҚШ пен Украинаға қарағанда дұшпандық мәнде жиірек атайтын болған. Бұл туралы "Медиалогия" компаниясының зерттеуінде айтылады, - деп хабарлайды РБК


Ресейлік БАҚ-тар Түркияны АҚШ пен Украинаға қарағанда дұшпандық мәнде жиірек атайтын болған. Бұл туралы "Медиалогия" компаниясының зерттеуінде айтылады, - деп хабарлайды РБК

"Медиалогия" компаниясының мамандары ресейлік БАҚ-тар мен блогтардың 2015 жылы Украинаны, АҚШ-ты, Түркияны және ДАИШ-ты қаншалықты жаугершілік мәнде атайтын болғанын зерттеді.  

2015 жылдың тоғыз айында Ресейге қатер туғызатындардың қатарында Украина көш бастаған. Екінші орында - АҚШ. БАҚ-тар Украинаны жау ретінде АҚШ-қа қарағанда бір жарым есе көп атаған. 

Жыл басында ресейлік телевизияда украин билігін "хунта" (бір айда орташа есеппен 20 рет) деп атаған. Жыл соңына қарай бұл атау қолданыстан шығып қалды. 

Украина ресейлік телевизияда "жау" контекстінде орташа есеппен бір айда он рет қолданылатын болған. Украинаға қатысты өткір жаугершілік сәуір айында болды: Украина телеэкрандарда 70-тен аса рет "жау" деп аталған. Бұл жағдай Минск келісімдерінің бұзылуы, америкалық десантшылардың Украинадағы жаттығуы және Киевте Ресейдің мүддесін қорғайтын жазушы Олеся Бузинаны өлтіру оқиғасының фонында болды.   

Мамыр айында, Путин мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керридің ұзақ уақыттан кейінгі кедесуінен кейін Украина мен АҚШ-қа деген жаугершілік қайта әлсіреді. Жыл соңына қарай, РБК-ның мәліметінше, Украинаға қатысты "жау" сөзі бір айда бірнеше рет қана кездескен.  

Украинаның билігін, ресейлік телевизия "заңсыз" деп бірде-бір рет атаған жоқ. Украина тұрғындарына қатысты "бандерліктер" және "фашистер" деген сөздер қолданылмады деуге болады: жыл басындағы жүздеп атаған БАҚ жыл соңына қарай 20 рет қана атаған. 

Ресейдің Сириядағы әскери операцияры басталғалы бері ДАИШ көп атала бастаған. ДАИШ-қа қатысты "жау" сөзі операция басталған екі апта ішінде шамамен 20 рет аталған. Кейін тағы бірнеше аптада телесюжеттерде ДАИШ туралы тіпті аталмаған. Жаугершіліктің қозған кезі 9 қарашаға дөп түсті. Сол кезде ДАИШ-қа қатысты "қатер", "терроризм" сөздері атала бастады. 

Ресейдің Сириядағы әскери операцияры басталғалы бері АҚШ-тың ролі өзгере бастады: Штаттар енді ДАИШ-тың демеушісі және одақтасы деп аталды. 

"Түркия ресейлік Су-24 бомбалаушысын атып құлатқан кезде ресейлік телеарналар мен Интернетте жаңа жау пайда болды. Оған дейін Түркия терроризм контекстінде аптасына шамамен 20 рет айтылса, 24 қарашадан кейін "Түркия, терроризм" хабарламасы 150-ге дейін бір-ақ шықты. Осы күннен бастап телеарналар Түркияны бірінші рет "ДАИШ-тың демеушісі" деп атай бастады", - делінген РБК мақаласында. 

Су-24 апатынан кейін ресейлік телеарналар мен блогтарда Түркия мен террорлық ұйымның қаражатын байланыстыру бойынша белсенді кампания басталып кетті. Ресейлік бірнеше телеарна Түркияның әрекетін "Ресейдің бензин тасымалдайтын колоннасын жойғанына білдірген реакциясы" деп хабар таратқан. 

Ал Украинаға деген жаугершілік медиакеңістікте төмендей бастаған. Жыл соңына қарай медиада Түркия ДАИШ-тан басып озып, "жау" ретінде біріншілікте "топ жарды". Сонымен бірге, ресейліктердің 73 пайызы Түркияға деген қарым-қатынасының өзгергенін айтқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети