Ресейлік блогермен болған сұмдық жол апаты видеоға түсіп қалған

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік блогермен болған сұмдық жол апаты видеоға түсіп қалған Видеодан алынған кадр

Желіде Мәскеудегі Кутузовский даңғылында ресейлік блогер Саид Губденский тізгіндеген BMW көлігінің екі көлікпен соқтығысқан сәті түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gazeta басылымына сілтеме жасап.

Видеодан Губденскийдің көлігі жүріп келе жатып сырғанап, қарсы жолаққа шығып кетіп екі көлікпен соқтығысқанын көруге болады.

Ресейлік БАҚ апатты блогер Саид Губденский ұйымдастырған деп жазады. Ол оқиға орнында көз жұмды. Онымен бірге көлікте Дағыстан автоспорты федерациясының президенті Заур Ибрагимов болған. Оның да қайтыс болғаны хабарланды.

Губденский Instagram-да автомобиль туралы видеолар түсірумен айналысқан. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети