25 ақпан 2014 14:39

Ресейлік депутаттар украиндықтарға РФ азаматтығын беруді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

 "Справедливая Россия" партиясының жетекшісі Сергей Миронов. ©РИА Новости "Справедливая Россия" партиясының жетекшісі Сергей Миронов. ©РИА Новости

Ресейлік депутаттар украиндықтарға РФ азаматтығын беру процесін жеңілдетуді ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости. "Справедливая Россия" партиясының жетекшісі Сергей Миронов украиндықтарға алты айдың ішінде азаматтық беру керек деп есептейді. Сондай-ақ ол Ресей ІІМ құрылымынан "Бүркіт" жасағына жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынды. "Янукович өз халқын сатып кетті. Тыңдаңызшы, президент, өзінің хан сарайының терезесінен "Бүркіттің" қарусыз жігіттерін қалай өлтіріп жатқанын көріп тұрды және ол үшін ештеме істеген жоқ. Бұл еркектікке жатпайды және нағыз жауыздық деп есептеймін. Бұған байланысты екінші ұсыныс: Біз ол елдің жетекшілерімен сөйлесіп, "Бүркіттің" бізге келгісі келген сарбаздарын Ресей ІІМ жұмысқа алайық", - деп ұсыныс білдірді Миронов. Ол "Бүркіттің" жасағы мен олардың жанұялары қуғынға ұшырауы мүмкін екендігін айтып өтті. Өз кезегінде ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновский Украинада тұратын барлық орыстарға Ресей паспортын беруді талап етті. "Азаматтық беруді қайтадан қарапайым тәртіппен іске асырайық. Барлық орыстарға, Ресей азаматтығын алғысы келген барлық адамдарға дереу сол консулдық пен елшіліктердің өзінде Ресей азаматтығын беруіміз керек. Ресей азаматтығын алғысы келетін украиндықтарға да бергеніміз дұрыс деп есептеймін. Осылай көмек бергеніміз жөн", - деді депутат. Сонымен бірге Жириновский "Бүркіт" жасағын еске алды. Ол бұл әскерлер өз міндетін адал атқарды, енді оларды қамауға алып, соттауы мүмкін. Саясаткер арнайы жасақ қызметкерлерін Ресейге көшіруді ұсынды. Жириновский Астрахань басшысы қазірдің өзінде оларды үймен және жұмыспен қамтуға дайын екендігін жеткізді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети