Ресейлік ғалым Германияда тыңшы деп айыпталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік ғалым Германияда тыңшы деп айыпталды ©REUTERS

Германия прокуратурасы Бавариядағы неміс университетінде жұмыс істеген ресейлік ғалымды тыңшылық жасады деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германия прокуратурасы Бавариядағы неміс университетінде жұмыс істеген ресейлік ғалымды тыңшылық жасады деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Неміс билігі айыпталушы Ильнур Н. Ресейдің Сыртқы барлау қызметіне (СБҚ) Ariane ғарыштық зымырандарының еуропалық бағдарламасы туралы ақпарат берді деп мәлімдеп отыр.

"Ильнур Н. аэроғарыштық технологиялар саласындағы ғылыми жобалар туралы, атап айтқанда, Ariane еуропалық зымыран тасығышын дамытудың әртүрлі кезеңдері туралы ақпарат берді", - делінген хабарламада.

Айыптау құжаттарында Германия прокурорлары ғалым мен СБҚ кураторы арасында тұрақты кездесулер өтті деп мәлімдейді. Айыпталушы 2019 жылдың күзінен бастап құпия ақпарат жинағаны анықталған-мыс. Ariane жобасына кіруге ғалымның нақты қандай қатысы бары хабарланбай отыр.

Прокурорлар оның ресейлік тыңшылық агенттігіне ақпарат бергені үшін жалпы алғанда 2500 еуро (1,2 миллион теңге) қолма-қол ақша алғанын мәлімдейді.

Басылым мәліметінше, Ильнур Н. 2021 жылдың 18 маусымында қамауға алынған. Тұтқындалғанға дейін ол Бавариядағы ғылым және технология профессорының ғылыми көмекшісі болып жұмыс істеген. Неміс прокурорлары ол қай университетте жұмыс істегенін атаған жоқ.

Айыптау үкімі 9 желтоқсанда басталып, Мюнхен жер сотына жіберілді. Заңсыз агенттік қызмет туралы бапқа сәйкес, ресейлік ғалым бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети