20 қыркүйек 2021 | 13:52

Ресейлік ЖОО-дағы атыс: 8 адам қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Ресейдің Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде атыс шығарған белгісіз адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейдің Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде атыс шығарған белгісіз адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұған дейін Пермь университетінде травматикалық қарудан оқ атылып, төрт адам жараланғаны айтылған.

"Белгісіз адам ұсталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ресей тергеу комитеті мәліметінше, 20 қыркүйекте Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті ғимараттарының бірінің аумағында студент атыс шығарған.

Нәтижесінде 5 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алғаны жарияланды. Алайда кейінірек тергеу комитеті сайтындағы деректер өзгерді. 

"Нәтижесінде 8 адам қаза тапты, бірнеше адам жарақат алды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы нақты деректер анықталып жатыр.

Күдіктінің жеке басы анықталды. Ол қамауға алу кезінде қарсыласуына байланысты жараланды. Тергеу күдікті туралы материалдар жинап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтайды", - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеледі.

Бұған дейін Ресейдің Пермь қаласындағы жоғары оқу орнында атыс болғаны хабарланған еді. Оқиға видеосы РЕН-ТВ Telegram-арнасында жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, студенттер ғимарат терезесінен секірген. Сондай-ақ, видео кадрларынан атыс естіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная