20 қыркүйек 2021 13:08

Ресейлік ЖОО-да атыс шықты: студенттер терезеден секірген

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдің Пермь қаласындағы жоғары оқу орнында атыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресейдің Пермь қаласындағы жоғары оқу орнында атыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

Оқиға видеосы РЕН-ТВ Telegram-арнасында жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, студенттер ғимарат терезесінен секіріп жатыр. Сондай-ақ, видео кадрларынан атыс естіледі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқушылар мен мұғалімдердің кейбірі, ғимараттан шығып үлгерген, ал басқалары сыныптарда жасырынған. 

Алдын ала ақпарат бойынша, екі адам зардап шеккен. Полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

59.RU басылымы мәліметінше, оқу орнының баспасөз қызметі атыс болғаны туралы ақпаратты растаған.

"Ер адам травматикалық қарудан оқ атқан, бір адам зардап шеккен. Ол басынан жараланған, бірақ есін біледі. Қазір оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Назар аударыңыз, видеода былапыт сөздер айтылады!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети