10 қаңтар 2017 | 09:23

Ресейлік миллиардерлер Трамптың жеңісінен кейін 29 миллиард долларға байыған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік миллиардерлер Дональд Трамптың жеңісінен кейін 29 миллиард долларға байыған, - деп жазады Forbes.


Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік миллиардерлер Дональд Трамптың жеңісінен кейін 29 миллиард долларға байыған, - деп жазады Forbes.

Басылымның мәліметінше, бұл ұлттық валютаның нығаюымен және ресейлік құнды құжаттардың бағасының қымбаттауымен байланысты. Басты пайданы НОВАТЭК басқарма басшысы Леонид Михельсон көрген. Оның активтері 1,9 миллиард долларға дейін өсіп, 18,2 миллиард долларға жеткен.

Сонымен қатар, "Северсталь" АҚ директорлар кеңесінің басшысы Алексей Мордашовтың (+ 1,6 миллиард доллар) және Новолипецктегі Металлургия комбинатының төрағасы Владимир Лисиннің (+ 1,4 миллиард доллар) материалдық жағдайының біраз жақсарғаны айтылады.

Сондай-ақ, Forbes мәліметінше, Трамптың жеңісінен кейін америкалық миллиардерлердің де жағдайы орта есеппен 2,8 пайызға өскені белгілі болды. Ал ресейліктер болса, сайлаудан кейін орта есеппен 7,1 пайызға байыған.

Айта кетейік, 9 қарашада Дональд Трамп АҚШ-тың жаңа президенті болып сайланды. 20 қаңтарда президентті ұлықтау рәсімі өтеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети