Ресейлік мысықтар Украинадағы жағдайға байланысты санкцияға ұшырады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік мысықтар Украинадағы жағдайға байланысты санкцияға ұшырады Фото ©РИА Новости

Халықаралық мысықтар федерациясы (FIFE) Ресейден келген мысықтарға халықаралық көрмелерге қатысуға тыйым салды. Шешім Украинадағы оқиғалар аясында қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық мысықтар федерациясы (FIFE) Ресейден келген мысықтарға халықаралық көрмелерге қатысуға тыйым салды. Шешім Украинадағы оқиғалар аясында қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұйымның сайтында 1 наурыздан 31 мамырға дейін иесі Ресейде тұратын бірде-бір мысық Ресейден тыс жерде FIFE шоуына қатыса алмайтыны хабарланған. Сондай-ақ, Ресейде өсірілген бірде-бір мысық Ресейден экспортталмайды немесе FIFE кітабына тіркелмейді.

"FIFE кеңесі сондай-ақ болып жатқан жағдайдан зардап шегіп жатқан Украинадағы мысық жақсы көретіндерді қолдау үшін бюджеттің бір бөлігін бөлу туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Шектеулер 2022 жылдың 31 мамырына дейін жарамды, қажет болған жағдайда қайта қаралуы мүмкін.

Халықаралық мысықтар федерациясы - мысықтардың жаңа тұқымдарын өсіру жөніндегі халықаралық ұйым. Бұл ұйымды 1949 жылы француз мысық асыраушы Маргерит Равел құрған. Бүгінде ұйымның құрамына әлемнің 40 елінен мысық асыраушылар клубы кіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети