Ресейлік отбасы Албаниядағы қонақүйде жұмбақ жағдайда қайтыс болды

© abcnews.al © abcnews.al

Албанияда полиция жұмада, 15 қазанда Керрет ауылындағы Gloria қонақүйінің саунасында табылған төрт ресейлік туристің өлімін тергеумен айналысып жатыр, - деп хабарлайды ресейлік БАҚ-тар. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Албанияда полиция жұмада, 15 қазанда Керрет ауылындағы Gloria қонақүйінің саунасында табылған төрт ресейлік туристің өлімін тергеумен айналысып жатыр, - деп хабарлайды ресейлік БАҚ-тар. 

Саунада табылған ресейліктер бір отбасының мүшелері болып шыққан - 60 жастағы Сергей, 58 жастағы Наталья және олардың қызы 31 жастағы Екатерина, оның күйеуі Никита Белоусов. 

Олар елге 10 қазанда келген, күндіз қаланы аралап, кешке қонақүйге келген. 15 қазанда да ресейліктер күндіз сыртта болып, алайда кешкі асқа келмеген. Олар саунаға тапсырыс берген. Бейнебақылау камерасында отбасы бөлмелерінен шығып, саунаға кеткені түсірілген.   

Туристер шарап пен жеміс-жидекке тапсырыс берген. 15 минуттан кейін қонақүй қызметкері тапсырысты дайындап, саунаға хабарласқан. Алайда оған ешкім жауап бермеген. Қызметкер үш сағат бойы хабарласқанымен ешкім тұтқаны көтермеген. 

Осылайша қызметкер саунаны ашып, туристердің мәйіті жатқанын анықтаған. Олардың бірі демалыс орнындағы шезлонгта, тағы екеуі орындықта, ал төртіншісі бассейннің шетінде аяғын суға салып жатқан.  

БАҚ-та марқұмдардың өлімі туралы түрлі дерек жазылған - бірі ресейлік туристер хлор буынан қайтыс болды десе, енді бірі олар уланғанын жазған. 

Бастапқыда полицейлер туристер жоғары темперетура мен қанда оттегі жетіспеінен қайтыс болған деп болжаған. Алайда дәйектер бойынша, олар бумен қыздырынатын орынға барып үлгермеген. 

Әзірге туристердің нақты неден қайтыс болғаны белгісіз. Бір белгілісі - туристер бір мезетте, көмек сұрап үлгерместен жан тәсілім еткен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro