Ресейдің Благовещенск қаласында атыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Ресейдің Благовещенск қаласында атыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Оқиға Амур құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық колледжінде болған. Амур облыстық Білім және ғылым министрлігі оқиға бойынша қалған мәліметті полициядан алу керегін айтқан.
Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бір адам қаза тапқан. Сондай-ақ тағы үшеуі зардап шеккен. Бұл - алдын ала мәлімет.
© youtube.com/Альфа ТВ
"Известия" мәліметінше, оқиға салдарынан оқ атқан адам қаза тапқан. Сонымен қатар, оның екі курстасы жарақаттанған. Қазір ғимарат қоршауға алынған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Әлеуметтік желілерде оқиға орнында түсірілген видео тарап кеткен. Видео кадрларында полиция көліктері колледждің жанында тұрғаны және жарақат алған жігіттің жерде жатқаны бейнеленген.