Ресейлік Су-24 ұшағының "қара жәшігі" табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік Су-24 ұшағының "қара жәшігі" табылды © Anadolu

Түріктің F-16 зымыраны арқылы атып түсірілген ресейлік Су-24 ұшағының өздігінен жазатын құрылғысы табылды. Бұл туралы ANNA-News агенттігінің тілшісі Марат Мусин LifeNews порталына берген сұхбатында айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түріктің F-16 зымыраны арқылы атып түсірілген ресейлік Су-24 ұшағының өздігінен жазатын құрылғысы табылды. Бұл туралы ANNA-News агенттігінің тілшісі Марат Мусин LifeNews порталына берген сұхбатында айтты.

Тілшінің айтуынша, борттық өздігінен жазатын құрылғыны сириялық әскердің арнайы жасағы тапқан. Ол "қара жәшік" жатқан Азер тауын содырлар басып алғанын, сондықтан да құрылғыны қолға түсіру қиынға түскенін айтты. Арнайы топ апаттан кейін екі күннен соң оқиға болған жерге жеткен, дегенмен атыстың салдарынан олар мақсаттарына жете алмапты. "Кейін жауын-шашын болды. Күн ашылғаннан кейін содырларды қуып, борттық өздігінен жазатын құрылғыны алдық. Ол мамандарға тапсырылды", - деді Мусин.

Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрі Сергей Шойгуға құрылғыны шетелдік мамандардың көмегімен ашуды тапсырды. Сонымен қатар, Путин құрылғыдан алынған ақпарат Анкараға деген қарым-қатынасты өзгертпейтінін жеткізді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети