Украинаның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Юрий Лазебник Астанада "Қырым Автономиялық Республикасына жасалған басқыншылықтың екі жылдығы" мәселесі бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Тілшілердің сұрағына жауап беру кезінде ол Украина Қырымды қайтарып алуға белгілі бір уақыт күту керек деген пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Украинаның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Юрий Лазебник Астанада "Қырым Автономиялық Республикасына жасалған басқыншылықтың екі жылдығы" мәселесі бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Тілшілердің сұрағына жауап беру кезінде ол Украина Қырымды қайтарып алуға белгілі бір уақыт күту керек деген пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Баспасөз мәслихаты кезінде БАҚ өкілдері Лезебниктен Украина қазіргі жағдайда Қырымды қайтарып алады деген ойдың қаншалықты ақылға қонымды екенін сұрады.
Уақытша сенімді өкіл бұған жауап ретінде Еуропа парламентінің биылғы 4 ақпандағы резолюциясын мысал қылып келтірді. "Ресейден санкцияларды түбегейлі алып тастау - Қырымның Украина бақылауына қайтарылуы. Бұл Еуропалық одақтың екі абыройлы органының бірінің ұстанымы. Ал келешегі жайлы айтар болсақ, Ресейдегі қазіргі режимде бұл жағдайдың мүмкін емес екені белгілі", - деді ол.
"Режим ауысуы керек пе?", - деп нақтылап сұрады тілшілер.
"Әрине. Бұл менің ғана пікірім емес, бұл көпшіліктің және халықаралық сарапшылардың, оның ішінде ресейлік тәуелсіз сарапшылардың пікірі. Адамдар, ресейліктер "Крым наш" деген мастықтан толықтай айығуы үшін және салдары жайлы мән беріп ойлануы үшін белгілі бір уақыт керек. Украинаға үміт сыйлайтын белгілер де пайда болды. Ресейде валюталық ипотека иелерінің наразылық қозғалысы қарқын алып келеді, олар шерулерде "Қырымды қайтарып беріңіздер!" деп ұрандай бастапты. Бұл адамдар валюталық кредиттерін банктерге қайтара алмай отырғандықтан үлкен кедергіге тіреліп отыр. Бұл проблемалар санкцияның кесірінен болды", - деп мәлімдеді ол.
"Қырымды жаулап алу" хронологиясын еске сала отырып, ол оқиғаның 2014 жылдың 20 ақпанында болғанын айтты. "Бұл күні ресейлік қарулы күштер Ресейдің өзінен және Ресейдің Қырымда Қара теңіз флотындағы базаларында болған әскері Қырым жартыаралына басып кірді", - деді Юрий Лазебник.
Сонымен қатар, ол бұл хронологияны барлығының да білетінін және бұл мәселеде Украина мен Ресейдің қарама-қайшылықтары жоқ екенін атап өтті.
"Соңыра келгенде ресейлік басшылық өз қарулы күштерінің қажетті құрал-жабдықтар мен арнайы формаларды әскери дүкеннен сатып алғанын, ешқандай да қорғаныс жасақтарының болмағанын мойындады. 20 ақпанда басқыншылы басталды, 27 ақпанда ресейлік арнайы жасақ Қырымның жоғарғы кеңесінің ғимаратын басып алды. Ресейлік арнайы жасақтың бақылауында Қырымның Жоғарғы кеңесінің депутатары референдум өткізуге дауыс берді. ОЛ 16 наурызда өтіп, осы әрекеттің қорытынды ретінде Ресей Қырымды өз құрамына қосып алды", - деп қорытындылады Украинаның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Юрий Лазебник.