"Революция күтудің керегі жоқ". Лукашенко үкіметті отставкаға жіберді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: © Reuters Фото: © Reuters

Беларусь президенті Александр Лукашенко қазіргі үкіметті отставкаға жіберу туралы шешім шығарды. Тиісті жарлыққа қол қойды. Бұл туралы 3 сәуірде "Беларусь 1" телеарнасының эфирінде белгілі болды, - деп хабарлайды "БЕЛТА".

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Беларусь президенті Александр Лукашенко қазіргі үкіметті отставкаға жіберу туралы шешім шығарды. Тиісті жарлыққа қол қойды. Бұл туралы 3 сәуірде "Беларусь 1" телеарнасының эфирінде белгілі болды, - деп хабарлайды "БЕЛТА".

Үкіметтің жаңа құрамы бойынша ұсынысты президент жиналыс кезінде талқылады. Жиынға Республика кеңесінің төрайымы Наталья Кочанова, Өкілдер палатасының төрағасы Владимир Андрейченко, Президент әкімшілігінің басшысы Игорь Сергеенко және Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысы Андрей Равков қатысты.

"Басқаша түсініп қалмау үшін ескерте кетейін, үкіметтің жаңа құрамы туралы талқылауды баяғыда бастадық. Шамамен жарты жыл бұрын", - деді Лукашенко.

Президенттің айтуынша, қазір үкімет құрамында ауқымды өзгеріс жасау тиімсіз. Себебі пандемия салдарынан әлемдік экономикада дағдарыс болып жатыр.

"Қазір әлем бұрын болмаған экономикалық дағдарысқа тап болды. Бұл кез келген елде қоғамдық өзгерістерге әкеп соқты. Дағдарыстың салдары өте ауыр болады. Сондықтан қазіргі жағдайды ескере отырып, үкіметтің барлық мүшесін ауыстыру дұрыс болмайды. Сондай-ақ қажеттілік те жоқ. Тек өзін жақсы көрсеткен және үкіметте жақсы жұмыс істеген басқарушылардың жаңа буыны өсті", - деді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro