06 ақпан 2015 | 10:11

Рим папасы балаларды құйрығынан шапалақтауға рұқсат берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рим папасы Франциск І. ©ieshua.org Рим папасы Франциск І. ©ieshua.org

Рим папасы Франциск I балаларды құйрығынан шапалақтау түрінде жазалауға болатынын айтты, - деп хабарлайды Associated Press. Дегенмен ол мұндай жазалау тек қана тәрбие мақсаты үшін ғана қолданылуы керектігін, балалардың ар-ұятын таптауға жол берілмеуін ескертті. 


Иконка комментария блок соц сети

Рим папасы Франциск I балаларды құйрығынан шапалақтау түрінде жазалауға болатынын айтты, - деп хабарлайды Associated Press. Дегенмен ол мұндай жазалау тек қана тәрбие мақсаты үшін ғана қолданылуы керектігін, балалардың ар-ұятын таптауға жол берілмеуін ескертті. 

Понтифик бір ер адамның айтқан әңгімесін мысалға келтірді. Ол адам балаларды құйрығынан шапалақтайтынын, бірақ ешқашан бетінен ұрмайтынын айтқан. "Оның өз баласының абыройын ойлайтыны қуантады. Ол баласын әділетті түрде жазалауды ойлап тұр", - деді Франциск І отбасындағы әкенің роліне арналған апта сайынғы ресми қабылдауы барысында.

Айта кетейік, Рим папасы балалар құқығын қорғаушы ретінде танымал. 2013 жылдың наурызында өз қызметіне тағайындалғаннан кейін ол педофилиямен табанды күрес жүргізетінін мәлімдеді. 2014 жылдың сәуір айында ол балаларға зорлық көрсеткен бір діни қызметкердің әрекеті үшін кешірім сұрады, кейін оның ісін "шайтанның әрекеті" деп бағалады. 

2015 жылдың 5 ақпаны күні Рим папасы бүкіл әлемнің епископтарын балаларды дін қызметкерлерінің жыныстық қатынасқа итермелеуінен қорғау жөніндегі комиссиямен жұмыс істеуге шақырды. Ватиканның есебінше, соңғы 10 жыл ішінде шіркеу қызметкерлері тарапынан болған 3400-ден астам заңсыздық тіркелген. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети