Римде жанармай құю бекетінде жарылыс болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Римде жанармай құю станциясында жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Rai News-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Римде жанармай құю станциясында жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Rai News-ке сілтеме жасап.

Хабарламаға сәйкес, оқиға Пренестино ауданындағы via dei Gordiani көшесіндегі жанармай бекетінде болған. Жарылыс көптеген ауданда естілген.

"Оқиға таңғы сағат 8-ден кейін болды. Жарылыс жанармай құю станциясын толтырып жатқан цистернаның сорғысы ажырап кеткеннен кейін болған. Бірнеше көлік өртеніп кетті. Жарылыс болған газ құю станциясы мен қойма мектептің қасында орналасқан", – делінген хабарламада.

Жарылыстан кейін қою түтін көкке көтерілген.

ANSA агенттігі мәліметінше, жарылыстың салдарынан 21 адам зардап шеккен, барлығы ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Жарылыс газ құбырының зақымдалуымен байланысты болуы мүмкін деген болжам бар. Қала тұрғындары оқиғадан бұрын газдың қатты иісін байқаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети