10 тамыз 2016 | 14:32

Риода қола медаль жеңіп алған дзюдошыны белгісіз біреулер жағажайда ұрып-соғып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24tv.ua © 24tv.ua

Рио-де-Жанейрода белгісіз біреулер Белгиялық дзюдошы Дирка ван Тихелтаны жағажайда ұрып кетті, - деп хабарлайды НТВ.


Иконка комментария блок соц сети

Рио-де-Жанейрода белгісіз біреулер Белгиялық дзюдошы Дирка ван Тихелтаны жағажайда ұрып кетті, - деп хабарлайды НТВ.

Жергілікті БАҚ оқиғаның сейсенбі күні кешкі уақытта әлемге әйгілі Копакобана жағажайында болғанын хабарлады. Ол жаққа спортшы өзінің командаласымен бірге жеңісті тойлау үшін барған. Дзюдошы 73 келі салмаққа дейін жекпе-жекте үшінші орынға табан тіреп, қола жүлдесін алған.

Спортшы оның әріптесінің ұялы телефонын ұрлаған белгісіз біреуді қуалаған, сол кезде бетінен соққы алған.

Ауруханада тексерілген Олимпиада жүлдегері ауыр жарақат алмаған болып шықты. 

Осыған дейін Рио-де-Жанейрода ішінде журналистер болған автобусқа оқ атылды. Атыстың салдарынан автобустың терезелері сынып, екі адам жеңіл жарақат алды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети