Рохинджа Мьянмаға оралады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© trend.az © trend.az

Бангладеш пен Мьянма билігі рохинджа елінің босқындарының бірінші тобы биыл қарашаның ортасына өз еліне оралуы жайында келісімге келді. Бұл туралы Бангладеш СІМ хатшысы Шахидуль Хак мәлімдеді. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бангладеш пен Мьянма билігі рохинджа елінің босқындарының бірінші тобы биыл қарашаның ортасына өз еліне оралуы жайында келісімге келді. Бұл туралы Бангладеш СІМ хатшысы Шахидуль Хак мәлімдеді. 

"Біз босқындардың бірінші тобы өз елдеріне қарашаның ортасында жіберіледі деп сеніп отырмыз", - деді жоғары лауазымды дипломат Дакка қаласындағы Бангладеш және Мьянма өкілдерінің кездесуінен кейін. Хактың сөзін bdnews24 интернет басылымы жариялады. 

Өз кезегінде келіссөздерге қатысқан Мьянма СІМ хатшысы Мьин Ту келесі айдан бастап босқындардың елге оралатыны туралы нақты жоспар барын айтты. 

Бангладеш пен Мьянма рохинджаның елге оралуы туралы масштабты жоспарды 2017 жылдың соңында келіссөздерді бастады. Алайда бюрократиялық созбалақтаудың салдарынан ол кезде іске аспады. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, олар Бангладештен депортацияланған босқындар өз елінде қайтадан зәбір көруі мүмкін деп алаңдаулы. 

2017 жылы күзде 700 мың рохинджа, Мьянманың Ракхайн штатында тұрып жатқан этникалық бенгал-мұсылмандары өз үйлерін тастап, көрші жатқан Бангладешке қашқан. Мьянма әскери күші тоғыз полицей мен әскери қызметкердің өлімін себепші етіп, ислам лаңкестерінен "тазартамыз" деп жаппай қырғын салған. Барлық материалдарды қарастырып, зерттеу жүргізген БҰҰ мамандары мьянмалық әскерилерді рохинджаға жасаған геноцид деп баға берді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro