22 наурыз 2014 17:28

Роман Абрамовичтің есеп-шоты тоқтатылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Роман Абрамович. Фото euromag.ru сайтынан алынды Роман Абрамович. Фото euromag.ru сайтынан алынды

Ірі кәсіпкер, Лондондағы "Челси" футбол клубының иесі Роман Абрамовичтің есеп-шоттары тоқтатылуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz сайты "Спорт-Экспресс" басылымына сілтеме жасап. Бұл туралы бұдан бұрын Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон мәлім еткен болатын. "Мұндай шараға кім болса сол душар болуы мүмкін. Бірақ астын сызып тұрып айта кетейін, мұндай жазаға Украинадағы жағдайға тікелей қатысы бар адамдар ұшырайды. Мен мұны әлдеқашан айтып қойғанмын, бұл бәрінен бұрын Ресей парламенті мүшелеріне қатысты. Нақты солар Қырымның қосылуына байланысты Украинада осындай референдумның өткізілуіне дауыс берді. Олар осындай мәселенің ушығуына себепкер болды, сондықтан бұл шара ең бірінші кезекте соларға бағытталатын болады", - деді Кэмерон The Telegraph басылымына берген сұхбатында. Роман Абрамович - миллиардер, ірі кәсіпкер, Чукотка автономдық округының бұрынғы губернаторы. Ол 2003 жылы "Челси" футбол клубын иемденген болатын. Ол кезде лондондық клуб әбден кедейленіп, жойылып кетудің сәл-ақ алдында тұрды. Кәсіпкер клубтың барлық қарызын өтеп, командаға елеулі қаражат салды. Осының нәтижесінде "Челси" соңғы он жылда небір мықты, ең таңдамалы клубтарды жеңіп шықты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети